«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Онлайн куәлік пен диплом: Қазақстандықтардың құжаттары жыл соңына дейін цифрландырылады

Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар құжаттар цифрландырылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин мәлім етті. 

Атап айтқанда, пайдаланушыларды Egov-ке тіркеу бір қадамда жүзеге асырылады. Бұл пайдаланушыларға кез келген қызметке биометриялық сәйкестендіру арқылы қол қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде электронды үкіметтің қызметін көбірек адамдар пайдалана алады.


Сондай-ақ, бизнеске онлайн-коммерциялық қызметтерді дамыту үшін биометриялық құрал ұсынылатын болады.

«Азамат пайдаланушы болғаннан кейін, ол қағаз құжаттармен бірге цифрлық құжаттама қызметін қолдана алады. Жыл соңына дейін жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті, азаматтың паспортын, жоғары білім туралы дипломды, студенттік карточканы, сақтандыру полисін онлайн форматта алу жоспарланып отыр», — деді Мусин.

Аутентификация QR кодын оқу арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар 5G-ді қашан пайдалана бастайтындары белгілі болды

admin_mugalzhar

Аудио, бейнежазба түрінде шағым қабылдайтын «Police 102» қосымшасы іске қосылды

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалаларын көрсететін туристік маршрут ашылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.