ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

0
117

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ Б.ШАҒАЛБАЕВ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП МАУСЫМДЫҚ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ.

Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны әдеттегіден 2 апта бұрын басталды. Себебі коронавирус пандемиясы кезінде тұмау өршіп, салдары қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы ауданның санитар мамандары хабарлады. Олардың айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында облыстық бюджеттен Ресейден өндірілген “Гриппол Плюс” вакцинасы сатып алынған. Биыл коронавирус инфекциясының екінші толқыны тұмау инфекциясының эпидемиологиялық маусымында күш алуы мүмкін деп болжанып отыр. Бұл кезде аталған екі аурудың қоздырғыштары адамның ағзасына түссе, иммунитет жүйесі әлсіреп, денсаулық жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Сол себепті, эпидемиологиялық мамандар тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинация алуға шақырды. Т.ТІЛЕП