«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОНЛАЙН САЙЛАУ ӨТТІ

1-4 қазан аралығында ауданда өткен Nur Otan партиясының партия ішілік праймеризіне 37 үміткер қатысып, бақтарын сынады.
Аудан бойынша 9 сайлау учаскесі ұйымдастырылып, дауыс беру онлайн форматында өтті. Олар Қандыағаш, Ембі қалаларында және Талдысай, Еңбек, Жұрын, Ақкемер, Батпақкөл, Құмжарған, Жұбанов атындағы ауылдық округтерде болды. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталып, әлеуметтік қашықтықтың сақталуын партиялық комиссия жіті бақылады.
-Праймеризге қатысушылардың барлығына үгіт-насихат жүргізу үшін бірдей және ашық жағдайлар жасалды. 7-ші қыркүйекте басталған үгіт-насихат жұмыстары аясында үміткерлер 401 кездесу ұйымдастырды. Кездесулер онлайн және офлайни форматында өтті. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде үміткерлер сайлауалды бағдарламаның жобасы бойынша көптеген тапсырыстар мен ұсыныстар жинады. Олар қарапайым халықты мазалайтын өзекті мәселелермен кезікті, — деді Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Көмекбай Бектұрғанов.
Аудан аумағындағы Nur Otan партиясына тіркелген 1985 партия мүшесі қолдарында смартфондары арқылы, үйіндегі компьютерлерімен дауыс берді. Ал, бұндай мүмкіндігі жоқ сайлаушылар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұқсас ақпараттар

Биыл Ақтөбеде 2 мың пәтер беріледі

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫДА АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛМАҚ

admin_mugalzhar

Діни басқарма Қадір түнін үйде өткізу керектігін айтып, халыққа үндеу жолдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.