АЛТЫН ОРДА – ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

0
457

Алтын Орда – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы аумағында құрылған мемлекет. Осыдан тура 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзаданояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны “Талас құрылтайы” деп атайды. Түрік деректерінде Бату ханның әскерлері “қыпшақтар” деп аталды. Себебі ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Ел тарихын насихаттау, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру бүгінгі ұрпақтық борышы. Осы орайда Алтын Орда туралы тарихи деректерді ұсынамыз.

ОРДАНЫҢ ӘУЕЛГІ ТАРИХЫ

Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады. 1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадү рдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай жылжытты. Кейін ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай ығысты. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршапқамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды. 1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияныбағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

АЛТЫН ОРДА ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?

Жошы ханның ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орданы Мөңке Темірдің билігі тұсында 1269 жылы Талас өзенінің бойында өткен құрылтайында Шыңғыс хан ұрпақтарын біріктіріп, басын қосып өз алдына дербес империя екенін толық мойындатуға қол жеткізді.

АЛТЫН ОРДА ҚАЛАЙ ЫДЫРАДЫ?

Түрік деректерінде Бату ханның әскерлері “қыпшақтар” деп аталды. Бұлай дейтініміз ұланбайтақ өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саясимәдени тілі – қыпшақ. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказ жерінде орналасқан. Ал шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге дейін бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен тоғысты. Алтын Орда Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Мәселен, Өзбек ханның кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды. ХІV ғасырдың ІІ жартысы – Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі. Ал 1359-1379 жылдар “Ұлы дүрбелең” кезеңі болды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып, 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Ақсақ Темірдің басқыншылық жоспарларына солтүстік-батыста орналасқан Алтын Орда кедергі жасады. Содан ол өз жорықтарын бастайды. Әмір Темір мен Тоқтамыс қорығы ел игілігіне айналды. Ұлытау ауданы орталығында Қазақ хандарының аллеясы бой көтерді. Енді еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр”, – деді ол. Осыған байланысты президент ұлы ханның үлкен ұлы – Жошы мазары қазақ жерінде орналасқанын және ол турасында шет елдіктердің біле бермейтіндігін тілге тиек етті. Сондықтан Алтын орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажеттігін айтты. “Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек”, – деді Қ. Тоқаев.

Дайындаған Айдана АЛТЫБАЕВА.