«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ҚАДІРЛІ ІС

ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ, «ҚАЙЫҢДЫБҰЛАҚ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЙРАТ ДАРҚҰЛОВ ӨЗ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕШІТТІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІП, ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ. ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ЕРТЕЛІКЕШІ, НЕ БОЛМАСА МЕРЗІМІ МЕН УАҚЫТЫ БОЛМАЙТЫНЫН ҰСТАНҒАН КӘСІПКЕР «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ПАРЫЗЫМ» ДЕП БІЛЕДІ.

Тастары жұқарып, жұтаң тартқан қабырғасында бояуы тозып, есік-терезесін жаңартуды керек етіп тұрған мешіттің құлазыған бейнесі бизнес иесінің назарына ілініп, биыл ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, кәсіпкер алдымыздағы жылы сыртқы жөндеу жұмыстарын қолға алуға уәде беріп отыр. «Жақсылық етсең, бүтін ет» дегенді жадына жарақ еткен кәсіпкер жылу жүйесін реттеп, жарық шығындарын да өтеген. — Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Жаны жомарт жандардың қолғабысы ешқашан көптік еткен емес. «Игі іс жасасаң — ырзығын өзің көресің» деген даналықты ұстанған Қайрат Дарқұлов қайырымдылық пен патриотизмнің ерекше үлгісін көрсетті», — дейді ауыл әкімі Асылбек Болатұлы. Туған жері десе жүрегі кең, қолы ашық кәсіпкердің бұдан бұрын да түрлі шаруалықтар мен жұмыстарға демеушілік танытып жүргенін айтады ауыл басшысы. Ауыл тұрғындарының алғысын арқалап жүрген жомарт жан қазіргі таңда Ақтөбе қаласына қоныс аударған. Жерлестерінен жырақ жүрсе де, жанынан әркез табылуға дайын Қайрат Дарқұловты ауыл тұрғындары құрметтеп, ол туралы ақжарма тілектерін тарқатудан жалықпайды.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

admin_mugalzhar

ӘКЕЖАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Аймағамбетов қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретінін айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.