«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Серік ШАҢҒҰТОВ, Мұғалжар ауданының 2006-2016 жылдардағы әкімі: ОЛ СӘТ МЕН ҮШІН ТАРИХИ КЕЗДЕСУ БОЛДЫ

Мен көрген ЕЛБАСЫ

«1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Президент болып тұрған кезінде Нұрсұлтан Назарбаев біздің ауданға бірнеше рет келіп, мұғалжарлықтармен кездескен екен. Сәті түскен сол Тұңғыш Президент іссапарларының куәсі болған аудан азаматтарының айтар естеліктері де ерекше. Сонымен… «

— Біз сан ғасыр бойы ата-бабамыз аңсап, армандаған тәуелсіз Қазақстанды көрген бақытты жанбыз. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің тарихында тұңғыш рет демократиялық қадам жасап, жалпыхалықтық сайлау өткізілді. Осы сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз мемлекетіміздің көшін бастайды деген үлкен сеніммен халық болып бірауыздан дауыс бердік. Сол уақыттан бастап бұл күн — еліміздің алғаш рет саяси еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін айқындаған күн болып мәңгілік есімізде қалды. Жас сәбидей аяғына енді тұрған Қазақстанды дамытып, өркендету жолында Нұрсұлтан Назарбаевқа артылар жүктің де салмағы ауыр болды. Біз, аға ұрпақ, тоқсанынша жылдардың тоқырауын, тәуелсіздіктің ең алғашқы қиын кезеңін өткердік. Ауылда азық-түлік қоры тапшы болғандықтан, дүкен сөрелері бос тұрды, жалақы мен зейнетақы айлап төленбеген кездер болды. Бірақ, осы қиындықты еңсеру жолында Тұңғыш Президенттің еңбегі ерен еді. Бүгінде халықтың жағдайы жақсарып, әлеуметтің әлеуеті артты. Елбасымыз Мемлекет басшысы ретінде дербес болу жолында кездескен қиындықтарды еңсеріп, елімізді саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардан өзінің сарабдал саясатының арқасында алып шықты. Оның көрегендігінің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралды. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері мен егемендігімізді қамтамасыз ететін түрлі маңызды заңдар қабылданып, шекарамыз бекітілді. Мен 1991 жылы Республика сарайында өткен Президенттің ант қабылдау рәсіміне қатыстым. Ол кезде Мұғалжар аудандық атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген едім. Елбасын алғаш рет көруім сол болды. Одан кейін 1997 жылы Мұғалжар ауданының орталығы Ембі қаласы болып тұрған шақта Елбасы жұмыс сапарымен Мұнайшылар қалашығына келді. Бұл Елбасыны екінші рет көруім. Ал үшінші мәрте 2005 жылы 15 мамырда кездестім. Нұрсұлтан Әбішұлы 2005 жылы Қандыағаш қаласына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сол кезде облыстың алдыңғы қатарлы шаруашылық басшыларының атынан шығып, сөз сөйледім. Ол кезде «Жұрын» АҚның президенті, «Құмжарған» асыл тұқымды қой мен асыл тұқымды жылқы өсіру ЖШС-нің директоры қызметінде болдым. Оның алдында облыс көлемінде ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан істер мен өзімнің шаруашылығым туралы баяндадым. Сыртқа шыққаннан кейін облыстағы басшылардан менің атқарып жатқан ісімнің растығын сұрады. Қасымда қаумалап тұрғандар бірауыздан «рас-рас» десті. Содан кейін қолымды алып, жанына шақырып, суретке түсуге ишара білдірді. Сондай ерекше сәттен Елбасымен түскен тарихи сурет естелік болып қалды. Одан кейін 2005 жылы Мұғалжар ауданына әкім болып сайланғаннан кейін мемлекеттік маңызды жинындарда кездесіп жүрдік. Ол кісімен өмірде жүзбе-жүз кездескен кезде, мысы басып тұрады. Қанша дегенмен ел басқарған тұлға ғой. Менің ұлым Аслан да мектеп бітірген сәтте «Алтын белгі» төсбелгісін Елбасының қолынан алды. Ол «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен уақытта да Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесті. Мен үшін бұл үлкен қуаныш.

Ұқсас ақпараттар

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

admin_mugalzhar

ПОЖАР ЛЕГЧЕ ПРЕДУПРЕДИТЬ, ЧЕМ ПОТУШИТЬ

admin_mugalzhar

Зейнетақы қорын бір бөлігін кім қолдана алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.