«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Студенттердің стипендиясы 2 есе өседі

Жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», — деді А. Мамин. Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынды. Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады.

 

Ұқсас ақпараттар

ДЕПУТАТТАР АҚКЕМЕРДЕГІ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

Облысқа 19 реанимобиль автокөлігі әкелінді

admin_mugalzhar

Елордада дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосу үшін 200 млн теңге бөлінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.