«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҰРАЛҚЫ ИТ – ҚАУІПТІ

Қаңғыбас ит — тұрғындар үшін өте қауіпті. Адамға шабуыл жасауы, ауру таратуы мүмкін. Иесінің дұрыс қарамауынан, итті бос жіберуінен, жауапсыздық салдарынан және асыраушысы жоқ болғаннан немесе адасып кетуінен қаңғыбас иттер пайда болады.

Егер адамға қаңғыбас ит қауіп төндірсе, анықталған шабуылдаушы жануар 10 күнге бақылауға қойылады. Мұғалжар ауданында қаңғыбас иттерді жою мәселесі бүгінде өзекті мәселенің бірі болып тұр. Ветеринариялық станция басшысы Бауыржан Тілеулиннің айтуынша, 2021 жылға қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жоюға 7 млн 450 мың теңге бөлініп, әзірге 5 млн теңге қаржы берілген. Қандыағаш, Ақкемер, Сағашилі, Жұрын елді мекендерінде жоспарланған ит аулау шаралары толық аяқталып, ендігі кезекте Ембі, Қайыңды, Батпақкөл, Мұғалжар жерлерінде басталған. Биылғы жылға 3725 қаңғыбас иттің көзін жою жоспарланса, оның ішінде 223-і жүзеге асырылып үлгерген. Алайда әр жыл сайын қаңғыбас, қараусыз иттер саны азаймай отыр.

А.АЙТҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлем рекордын орнатты

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Ақтөбе полициясына жаңа басшы келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.