Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілмек

0
555

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын көтеру мәселесін қарастыруда. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Біздің тәжірибелі және кәсіби полиция қызметкерлерінің көбі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз”, – деді Тұрғымбаев.

Мысалы, негізгі мамандықтар бойынша зейнетке шығу жасын майорлар үшін – 52, подполковниктер үшін – 55, полковниктер үшін 58 және жоғары басшылық үшін – 63 жасқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

“Қазіргі таңда бір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Мысалы, зейнетке шығу жасы Ресейде – 60 жас, Жапонияда, Германияда – 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді”, – деп аяқтады сөзін ішкі істер министрі.