«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Оксана ДРУЩЕНКО: КӨПҰЛТТЫ ОТБАСЫНЫҢ ЕРКЕСІМІН

-1-мамыр — Бірлік пен ынтымақ күні бізге, жалпы менің отбасыма тікелей қатысты. Себебі молдаван, украин, қазақ, татар өкілдері бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз. Мәселен, нағашыларым — молдаван ұлтынан, әке жағымнан украин және татарлар болса, әпкелерім қазақ жезделеріме тұрмысқа шыққан, яғни жиендерім — қазақ. Әр ұлттың өкілі болсақ та, бір отбасының мүшелеріміз. Бір дастарқанда бас қосқанымызда, әртүрлі ұлттың тағамынан дәм татып, әндерін орындап, мәре-сәре боламыз. Әр отырысымыз көңілді және қызықты болып өтеді. Менің ата-әжемде, әкем мен анам да Сағашилі ауылында дүниеге келген. Мен де осы жерден білім алып, өсіп-өндім. Үйдің еркесі әрі жалғыз қызымын. Тіл меңгеру жағынан менде мәселе болған емес. Бірнеше тілде еркін сөйлеп өстім. «Қанша тіл білсең, сонша өмірің бар» дейді ғой. Мен бұл сөзбен толықтай келісемін. Өзге тілді меңгерсең, сол елдің мәдениетімен жақынырақ танысасың, басқа әлемге енесің. Шынымды айтсам, көз ашып, ес білгелі қазақ ортасында болғаннан кейін, өзімнің өзге ұлт екенімді де ұмытып кетіп жатамын. Жан-жағымның бәрі бауырмал жандар. Осы уақытқа дейін шетке қағып, бөліп-жарған ешкімді кездестірмедім. Бұған біздің Сағашилі ауылының да өзіндік ерекшелігі әсер еткен болар деп ойлаймын. Бүгінде ауылымызда 12 ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Әр ұлттың ұлттық мерекелері де шаңырақтарында тойланып, атап өтіледі. Соған мүмкіндік жасалған. Жалпы жаттық сезімді сезінбей, еркін, бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымызға ризамын! Сол себепті, баршамызды Қазақстан халықтары бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

РЕЖИССЕР АЙНАГҮЛДІҢ ӨНЕРДЕГІ ӨМІРІ…

admin_mugalzhar

ДӘМЕШ ТІККЕН КӨРПЕЛЕР…

admin_mugalzhar

Нұршат Романқызы: Шет елде білім алу — өзімнің қалауым

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.