МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰШҚЫШТАР

0
479

“…ПОТОМУ, ПОТОМУ, ЧТО МЫ – ПИЛОТЫ! НЕБО – НАШ, НЕБО – НАШ РОДИМЫЙ ДОМ!..” ДЕП ӘНДЕТІП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДА БАР. ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ “МҰҒАЛЖАРДЫҢ” ОҚЫРМАНДАРЫНА ӨЗ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРГЕНДЕР – ЖЕРДЕН ГӨРІ КӨКТІҢ “ТІЛІН” ТҮСІНІП, УАҚЫТЫНЫҢ БАСЫМЫН АСПАНДА ӨТКІЗУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰШҚЫШ ПЕН СОЛ ЖОЛДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТ ЖЕРЛЕСТЕР.

Әлішер ЖҰМАҒАЛИ:

Әскери адам болсам, арнайы жасақ тобының құрамына енсем” деген бала кездегі арманым үлкен мақсатыма айналды. Арманды мақсатқа айналдыруда анамның берген ақылы, көрсеткен үлгісі ерекше болды. Мен Қандыағаш қалалық №1 мектебінде 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Қарағандыдағы республикалық “Жас Ұлан” мектебіне оқуға түстім. Әкемнен қапыда ерте айырылғаннан болар, ана үмітінің, алдымдағы жауапкершіліктің жүгін сол кезден бастап сезіндім. Бұл жақтағы тәртіп бізді үлкен өмірге баули білді. Спортқа да, өнерге де, білімге де үлгеруге тырысып жүріп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Озат оқып, құрмет тақталарынада жарияландым. Соның арқасында Астананың 25 жылдығына арналған республикалық парадқа қатыстым. Ол жерде оркестр құрамында болып, барабанда ойнадым. Ол мен үшін тарихи сәт болды. Содан соң Қарағандыдан ҰБТ тапсырып, жақсы көрсеткіш көрсетіп, Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына оқуға түстім. Бұл жақтағы тәртіпте, жүйеде қатаң. Бірақ өзім бұған дейінде әскери ортадан шыққаннан кейін, үйренісу қиынға соқпады. Ерте тұру, қиын жаттығу, белгіленген уақытқа бейімдеу, біртіндеп өмірімнің маңызды бөлігіне айналды. Жалпы отбасымда әскери қызметте, соғыста болған туыстарым болған. Содан болса керек, табиғатым осы бір мамандыққа жақын болды. Қазіргіт аңда Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының 3-курс студентімін.