ОРТАЛЫҚ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ

0
215

Аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары аудан округтеріне барып, аймақ жастарының жай-күйін, тыныс-тіршілігін көздерімен көріп, жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысып келді. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ләззат Бердібаева мен орталық мамандары Құмжарған, Батпақкөл, Талдысай, Ащысай, Қайыңды, Құмсай, Егіндібұлақ, Мұғалжар, Жұбанов ауылдық округтеріне іссапар барысында жастардың тұрғылықты жері, оқуы, жұмыс орындары мен NEET санатындағы жастарды анықтап, әңгімеге тартты. Кездесу кезінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, мерзімді оқулар, қайтарымсыз гранттар жөнінде жан-жақты түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ