АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙТЫН БЕРЕКЕТ

0
244

Жұрын ауылында тұратын Берекет Иржан бала күнінен ат құлағында ойнап өскен. “Қазақ баласының кез келгеніатжалынтартып мініп, жылқының тілін түсіне білуі қажет” деп санайды болашақта жылқы шаруашылығын дамытуды армандайтын 14 жастағы кейіпкеріміз.

– Мен кішкентай кезімнен жылқыға жақын болып өстім. Күндізтүні тайыма мініп алып ауылды аралап шауып, ауыл ішіндегі балалармен көкпар ойнағанды жақсы көретінмін. Қазір де ол әдетімнен  жерігем жоқ. Жылқы малы қашан да ата-бабамыз үшін орны ерекше жануар. Мен де сабақтан, шаруадан бос уақытымның бәрін атымды жуындырып, күтіп-баптап, ауыл арасында серуендеуге арнаймын, – дейді өзі. Болашақта актер болып, тарихи киноларға арғымақ атпен түсуді армандап жүрген кейіпкеріміз жылқы шаруашылығын да қолға алатынын айтты. -“Армандар орындалады” деген сөз бар. Мен де арманымның қай-қайсысын да сәйгүлік атпен байланыстырамынжәне сол арманымның орындаларына кәміл сенемін, – дейді Берекет.

Ә.ӨМІРТАЕВ