10 НАУҚАС АУРУХАНАДА ЕМ ҚАБЫЛДАУДА

0
516

Өткен аптада аудан бойынша коронавирус инфекциясын 4 адам жұқтырған. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 4 сырқаттанушы тіркелген. Үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 50 адам медициналық бақылауда. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 274 жағдайы тіркелді. Инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясынжұқтырған 2 науқас, коронавирусты пневмония диагнозымен 8 науқас ем қабылдауда.

– Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Үй және жұмыс орыны бойынша қарымқатынаста болған тұлғалар анықталды. Қарым-қатынаста болғандар оқшауланды. Барлық қарым-қатынаста болған адамдардан сынама алынып, ПТР әдісімен зерттеу мақсатында зертханаға жолдануда. Үй және жұмыс ошағында қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауданда тіркелген жағдайларға байланысты, коронавирусты инфекцияның алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында Сіздерден келесідей сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймын, – деді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

А.АБАТ