Құралбай БАЙСҰЛТАНОВ: ОТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ НАНЫ “МҰҒАЛЖАРДАН” БҰЙЫРДЫ

0
181

-2004 жылы Өзбекстаннан тарихи отаным Қазақстанға көшіп келіп, Қандыағаш қаласына табаным тиген еді. Сол жақта жоғары оқу орнын бітіріп, 34 жыл мектепте ұстаздық қызмет атқардым. Мамандығым филолог болғасын аудандық білім бөліміне барып, жұмыс сұрадым. Алайда жұмыс орындары бос болмады. Бір күні газет оқып отырып, “Мұғалжар” газетіне тілші керек деген жарнаманы көріп, редакцияға барған болатынмын. Сол кездегі Бас редактор Қуаныш Кенжеғалиев мені жұмысқа қабылдады. Сол кезден бастап, ауданның тыныс-тіршілігіне тығыз араласып, ақпарат айдынына сүңгіп кеттім. Газетте жүріп ауыл-аймақты аралап, еңбек адамдары туралы көптеген мақалалар жаздым. Алғашқы мақалама аудандық саз мектебі арқау болды. Бірнеше мәрте әлеуметтік мәселелерді көтеріп, жол, су, газ, экология, халықтың тұрмыстіршілігі тақырыбында қалам тербедім. Жетістікті мақтап, кемшіліктерді сынға алдық. Осы газеттің арқасында көптеген ел азаматтарымен танысып, басшылық қызметке ауысып, беделім мен абыройым артты.