«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Гүлзира НАУРЫЗОВА: «МҰҒАЛЖАРЫМ» — ТҰМАРЫМ!

-Талай журналистерді қияға қанат қақтырған ұлағатты ұжымнан, еңбек ұстаханасынан мен де тәлім-тәрбие алып, шығармашылық жолымды бастағанымды мақтан етемін. Мен үшін еңбек жолымның бастамасы болмаса да, шығармашылық жолымда өшпес өмірлік өнеге алған мектебім болды. Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен «Мұғалжармен» «достығым» басталып, қаламым ұшталып, кейін өзім де жаңалықтықтың жаршысы, қоғамның айнасы болған ұжымның бір мүшесі атандым. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік жағдайынан, руханият және қоғам тынысынан хабардар ету жолында азды-көпті еңбек етіп, «Ұшқыр қалам» атағына да ие болдым. Қуаныш ағайымның әркез адамдармен тіл табыса білуін, басшылардың алдында журналистерін қорғай білуін, Салиха апайымның кез келген тақырыпта қалам тербеп, ештеңеге қарамай үнемі ашық жарқын көңілді жүруін, Ізгілік пен Күнсай апайымның газет шыққанша редакциядан шықпайтын тынымсыз еңбегін, Гүлсім апайымның сабырлығын, Гүлсара апайымның кішіпейілдігін, Айгүлдің көз майын тауысып еткен еңбегін, Бану құрбымның ізденімпаздығы, шыншылдығы, жаңашылдыққа деген ұмтылысын атап өтпеске болмас. Мен үшін олардың әрқайсысының орны әрқашан ерекше.

«Мұғалжарлық» әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын! Аға буынға тілерім, еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Отбастарыңыздың ортасында әдемі қартаюды нәсіп етсін! Бүгінгі «Мұғалжардың» «жасарған» құрамына қаламдарыңыз ұштала берсін, шабыттарыңыздың ұшқан шыңына құс жетпесін деп тілеймін! Әркез «жаңашылдықтың, жақсылықтың, әділдіктің жаршысы, қоғамның айнасы» деген тұғырдан түспеңіздер! Отбастарыңыз аман болсын!

Ұқсас ақпараттар

БАЛАҒА ТӘРБИЕ — ЖАСТАН

admin_mugalzhar

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАНДАР

admin_mugalzhar

Қуаныш КЕНЖЕҒАЛИЕВ: ЖУРНАЛИСТИКА — ӨМІРІМДІ АРНАҒАН МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.