“SAMGAU” ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК

0
277

БҰЛ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДАМЫТУ, ОЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МАҚСАТЫНДА 2 КЕЗЕҢ БОЙЫНША БУТКАМП БАСТАУ АЛДЫ.

Жоба Жастар ресурстық орталығы арқылы іске асырылуда. Мамыр айының 17-23 аралығында “Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту” бойынша 7 күндік тренингтің 1- кезеңі өткізілді. Аудан бойынша Ақкемер ауылдық округі мектебінен 30 оқушы, Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМнен 30 оқушы және Жастар ресурстық орталығынан 30 адам қатысты. Жалпы саны 90 адамды қамтитын тренингтің 2-кезеңі 29 маусымнан 3 шілдеге дейін жалғасады. Жобаның мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды оқыту және лайықты жұмыс жасау, топтық жұмыс, креативті ойлауға үйрету, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Ә.ӨМІРТАЕВ