ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН ДОДА

0
570

Жапония астанасы Токиода ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталғанына бүгін алтыншы күн. Бүгінде қазақстандық 97 спортшы жарыс бәсекесінің бел ортасында өз өнерлерін көрсетуде. Дүбірлі доданың 5-ші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 32-ші орында тұр. Қоржында үш қола медаль бар. Ендеше, Токио Олимпиадасының ерекшеліктері мен қызықты мәліметтерін назарларыңызға ұсынамыз.

97 СПОРТШЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық спортшылар Токиода өтіпжатқанжазғы Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрінен 97 жолдама жеңіп алды. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Токио Олимпиадасының іріктеу және рейтингтік жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Нәтижесіндебіздіңолимпиадалық құрамға 97 спортшы кірді. Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, суда жүзу, ашық суда жүзу, каратэ, спорттық құзға өрмелеу, синхронды жүзу, бокс, велоспорт, спорттық гимнастика, садақ ату, стенд ату, нысана көздеу, еркін күрес грек-рим күресі, әйелдер күресі, слаломда есу, байдарка мен каноэдеесу, академиялықесу, үстел теннисі, судобы, таеквондо, көркем гимнастика, семсерлесу, ауыр атлетика, дзюдо, тенниссекілдіспорт түрінен бақ сынайтын болады. Ал Токио – 2020 бағдарламасына спорттыңбесжаңатүріенді. Олар бейсбол, каратэ, серфинг, құзға шығу және скейтбординг.

ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУЫ

Олимпиадалық стадионға спортшылар, әр елдің  делегация мүшелері, журналистер және құрметті қонақтар ғана кірді. Токио олимпиадасының ашылу салтанаты төрт сағатқа созылды. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет ОльгаРыпакова ұстап шықты. Ашылу салтанаты кезінде аспанға мыңнан аса дрон ұшып, жер шарының макетін жасады. Олимпиада алауын жапониялық теннисші Наоми Осака (Grand Slam жарыстаныңжеңімпазы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы) жақты. Олимпиадаға екі жүзден астам елдің спортшылары қатысып, елуге жуық спорт түрінен жүлдеге таласады. Жарыстар көрерменсіз өтеді. Олимпиадада коронавирус тексерісі қатаң. Спортшылар, бапкерлер, еріктілеркүнде, журналистер төрт күнде бір ПТР тестін тапсыруы тиіс. Коронавирус  табылса, 14 күнге оқшауланады. Жабылу салтанаты 8 тамызда өтеді.

ГАДЖЕТТЕН ЖАСАЛҒАН МЕДАЛЬ

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушыларжеңімпаз спортшыларғаберілетін медалдарының үлгісі ерекше. Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан. 2019 жылы жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақауы бар смартфондар мен планшеттерді, компьютерлерді жинаған. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылған.

ЖҮЛДЕГЕРДІҢ СЫЙАҚЫСЫ ҚОМАҚТЫ

Токио Олимпиадасына қатысып жүлдегер атанған қазақстандық спортшыларға мемлекет тарапынан Олимпиада чемпионына 250 мың доллар, күміс жүлдегерге 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар беріледі. Айта кетейік, егер қазақстандық боксшы Олимпиададан алтыналса, мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан бөлек, федерация басшысының атынан тағы 100 мың долларға ие болады. Күміс медальға 70 мың, қола жүлдеге 50 мың доллар қарастырылған. Сонымен бірге боксшылардыжаттықтырғанбапкерлерде сыйақысыз қалмайды. Чемпион атанған боксшының жеке бапкеріне – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкеріне – 15 мың доллар, қола жүлдегердің бапкеріне – 10 мың доллардан үлестіріледі.

ӘЛЕМДІ ТӘНТІ ЕТКЕН ҰЛТТЫҚ КИІМ

Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шыққан спортшыларға әлем жұрты тәнті болды. Әсіресе ақ көйлек киген атлет Ольга Рыпакова көрерменнің көзіне бірден түсті. Салтанатты жиыннан ерекше әсер алған жапон суретшісі Хико қазақ спортшыларының анимесін салып, жария етті. Оның туындысын желі қолданушылары жарыса бөлісуде. Онда боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова еліміздің туын ұстап келе жатқан сәті бейнеленген. Арнайы тапсырыспен тігілген киімнің авторы – модельер Виолетта Иванова.

МИЛАД КАРИМИ ЖЕТІ ЖОЛДАМАҒА ИЕ

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мақтанышы Милад Карими бірден Олимпиаданың жеті жолдамасына қол жеткізді. Ол Токио Олимпиадасында көпсайыс, еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық, шығыршық, керме және гимнастикалық ат снаряды бойынша жарысқа қатысады.

АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛІ

Еліміздің қоржынына алғашқы медальды дзюдошы Елдос Сметов салды. 60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос “ваззари” ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иегері атанды. Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейінОңтүстікКореябалуанынжеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есежіберді. Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері.

АУЫР АТЛЕТ ҚОЛА МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ

25 шілдеде Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпекөтеруде163 келініеңсерді. Осыорайда, төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 294 келіні көтерді. Алтынжүлдегі қытайлық Ли Фабин (313 келі), күмісті индонезия – лық Эко Юли Иреван (302 келі ) иеленді.

ЗУЛФИЯ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйеллдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді. Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.

Дайындаған: Н.КЕСІКҚҰЛ