Олимпиада-2020 жүлдегерлері Чиншанло мен Сонға көлік сыйға тартылады

0
801

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автокөлігімен марапаттайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларға көлік кілтін табыс етеді.

Сонымен қатар, спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады, делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлдені жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орынды иеленді.

Спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы қаласының әуежайында қарсы алды.