«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

БҮГІНДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА. АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН 35 000 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕКПЕ САЛДЫРУЫ ҚАЖЕТ БОЛСА, ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АУДАН БОЙЫНША ЖАЛПЫ САНЫ 29 982 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАН. ОНЫҢ 23 871-І ЕКПЕНІҢ ЕКІ КОМПОНЕНТІН АЛҒАН.

Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша жалпы саны 16182 адам екпе салдырған. Екпенің екі компонентін 12456 адам толығымен алған. Ал Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев Ембі аймағы үшін жоспарланған 11150 дозаның бүгінгі күнге 1-компоненті бойынша 11875 дозасы жасалғанын жеткізді.

— Оның 9125 дозасы Спутник V, 1100 дозасы Hayat-Vax вакцинасы, 220 дозасы QazCovid-in вакцинасы, 430 дозасы КоронаВак вакцинасы, 1000 дозасы Синофарм вакцинасы. 2-компоненттен 9735 доза жасалды, оның ішінде Спутник V вакцинасының 8015 дозасы, QazCovid-in вакцинасының 190 дозасы, Hayat-Vax вакцинасының 1100 дозасы, Коронавак вакцинасының 430 дозасы салынды. Қал-ған дозалары жоспар бойынша салынатын болады, — деді ол.

Жекеменшік «Шапағат» ауруханасы бойынша 5532 адам екпе салдырған.

— Бүгінгі таңда «Шапағат» ауруханасы бойынша екпе жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екпенің бірінші компонентін 1925 адам, екінші компонентін 1680 адам салдырды, — деді бас дәрігер Аманжол Адаев.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

admin_mugalzhar

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «ҮНЕМ-ҚОҒАМ ҚУАТЫ» арнайы жобасы

admin_mugalzhar

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.