«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨМІРДЕН ӨТКЕНДЕР ЕНДІ ҚАЙДА ЖЕРЛЕНЕДІ?..

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНДА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНДЕ ОРНАЛАСҚАН МҰСЫЛМАНДАР ЗИРАТЫНА МАРҚҰМДАРДЫ ЖЕРЛЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН. СЕБЕБІ ҚОРЫМНЫҢ АУМАҒЫ ҮЛКЕЙІП, ҚАЛА ІШІНЕ ЕНІП БАРАДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ АУДАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРІ ДЕ ЗИРАТТЫҢ АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАНЫН, ОЛ ЖЕРГЕ ҚАБІР ҚАЗЫП, АДАМ ЖЕРЛЕУДІ ТОҚТАТПАСА, ТҮРЛІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ БАРЫН АЙТЫП, ДАБЫЛ ҚАҒУДА.

ҚАЛА АУМАҒЫНДА 5 БЕЙІТ БАР

Қандыағаш қаласының аумағындағы қорымдардың жалпы саны — бесеу. Оның біреуі — Ақтөбе-Қандыағаш тасжолының бойында орналасқан үлкен зират. Бүгінде ол қала ішіндегі «қалаға» айналып барады. Екіншісі — қала ортасында яғни, Алтынды (бұрынғы Степная) көшесіндегі орыс моласы. Үй іргесінде орналасқан бұл зираттың тұрғылықты халық үшін қорқынышты екені айтпаса да белгілі. Сондайақ осы маңда тағы да бір ескі қазақ қорымы бар. Қазіргі таңда бұл жерге адам жерленбейді. Аталған ескі зират көше тұрғындары мен қоғам белсенділерінің бастамасымен адам мен мал аяғы баспайтындай етіліп, толығымен қоршалған. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Жұрын ауылына шығар бетте 6 шақырым жерден қазақ және орыс қорымына арналып жер берілген еді. Алайда ол жерде бар-жоғы 30 шақты қабір қазылған. Себебі қабір қазу кезінде тайыздан су шығып, адам жерлеуге кедергі келтірген. Ал бесіншісі — теміржолдың арғы бетіндегі Жарық жақтағы ескі қорым. Тоғыз жолдың торабына айналып, үздіксіз пойыз өтіп жатқан теміржолдан аталмыш зиратқа мүрдені алып өту қиынға соғады. Сондай-ақ қайтыс болған адамның басын қарайтуға арналған құрылыс материалдарын алып бару едәуір кедері келтіреді екен.

ҚОРЫМ ҚАЛАДАН 300 МЕТР ЖЕРДЕ ОРНАЛАСУЫ КЕРЕК

Аудандық санитариялық дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек, зираттар орналасқан аймақ қоршауынан бастап есептегенде тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттардан, спорттық-сауықтыру және санаториялық-курорттық аймақтардан кемінде 300 метр қашықтықта орналасуы қажет. Ал жер асты су көздері мен зираттың арақашықтығы 1000 метрден кем болмауы тиіс.

-Зираттар су көздеріне жақын маңда орналасса, жер асты суларының ластануы әбден мүмкін. Ал ластанған ауыз суды тұты — н у халық ара — сында су арқылы берілетін әртүрлі инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соғады. 2021 жылы 19 тамызда «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығы шықты. Бұйрықта зираттарды сумен жабдықтау көздері мен минералды көздерді санитариялық қорғау аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінде, курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші және екінші аймақтарының аумақтарында, су басатын сырғымаларға және құламаларға бейім батпақты учаскелерге, шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттардағы су қоймаларының жағалауларында, күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттерінің аумақтарында, орналастыруға жол берілмейтіні атап көрсетілген, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық эпидемиялогиялық басқармасының басшысы Болатбек Шағалбаев.

ЗИРАТҚА ЖАҢА ЖЕР ҚАЖЕТ

Жоғарыда атап өткен зираттардың жағдайын «Мұғалжар» газетінің тілшілермен бірге аудандық қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Шамшат Әбдірзақ, Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов және аудандық «Нұртай» мешітінің ондық мүшесі Мәлік Ибрагимов барып, өз көздерімен көріп қайтты. Зират басын аралап көрген олар шын мәнінде қабірлер санының көбейіп, қоршау ішінде аз орын қалғанын көрді. Қоғам белсендісі Мәлік қажы Ибрагимов бірнеше жылдан бері мұсылмандар зиратының қараусыз қалмауына жанашырлық танытып келеді. Сонымен бірге оның тазалығын да өз міндетіне алған.

— Осыдан 10 жыл бұрын Қандыағаш қаласының белсенділері жиналып, демеушілікпен осы зираттың алдын және екі жанын темір қоршаумен қаптаған едік. Осы жерде менің ата-бабам, туысқандарым жатыр. Сол себепті де бұл жердің қараусыз қалғанын қаламаймын. Өзім ерікті түрде көктем сайын тазалық жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған адамдарды жерлеуге ыңғайлы жерді тауып беруге көмектесемін. Қабір қазатын адамдарды да ұйымдастырамын. Аты жаман індет басталғалы қайтыс болған адамдардың да қарасы көп. Бүгінде қоршаудың іші толды. Келер жылы жаңа қорым дайындалуы қажет деп есептеймін, — деген ондық мүшесі жаңа зират үшін берілетін жердің қаладан онша алыс емес, қыстың қатты боранды күндері жол кедергі келтірмейтіндей, қайтыс болған адамның басын қарайту үшін құрылыс материалдарын тасымалдауға ыңғайлы болғаны жөн екенін жеткізді.

Ал аудандық қоғамдық кеңістің төрағасы міндетін атқарушы Шамшат Әбдірзақ бұл аталған мәселені Қоғамдық кеңестің отырысына ұсынып, талқылауға салуды жоспарлап отыр.

— Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен ыңғайлы жер қарастыру қажет. Содан кейін барып бұл қорымға жерлеуді тоқтатып, сыртын қоршап, есігін бекітіп, тоқтатылғаны жөнінде ескерту тақта орнату керек. Егерде жалғастырып тағы да жер берілетін болса, бұл маң қала ішіндегі «қалаға» айналайын деп тұр. Қала әкімдігі қала аумағынан онша қашық емес, стандарттарға сай ыңғайлы жер тауып берсе, зиратты көшіруіміз қажет. Қоғам белсенділерімен ақылдаса отырып, қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді де қолға аламыз, — деді ол.

Қала әкімі Талғат Өтемұратов көтерілген мәселенің орынды екенін айтып, жаңа зират үшін ыңғайлы жерді қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ бұл ескі зираттың орналасқан аумағына қала халқының тұтынып отырған ауыз су құбырлары мен ұңғымалары жақын екенін, жылдар өте бұзылған мәйіттер жер асты суын ластауы мүмкін екенін де мәлімдеді.

— Осы маңда «Коммуналшы» мекемесінің бірнеше су ұңғымасы бар. Сол себепті де зираттың ауыстырылғаны жөн деп есептеймін. Қандыағаш қаласының Бас жоспарына қарай отырып, болашақта үй түспейтін ыңғайлы жерлерді қарастыратын боламыз. Сонымен бірге жаңадан жасалатын зиратты жеке кәсіпкерлікке берген дұрыс. Ол жерге жауапты адам бейіт аумағының тазалығына, жердің берілуі мен қабірлердің орналасуын өз міндетіне алады. Басқа да түрлі қызметтерді ұсынып, өзге қалалардағы секілді электронды анықтамалықпен жұмыс жасар еді, — деді қала әкімі.

ОРЫС МОЛАСЫНДА ОРЫН ЖОҚ

Ат басын қаланың қақ ортасында орналасқан Алтынды (бұрынғы Степная) көшесіндегі орыс моласына бұрған жергілікті билік өкілдері бұл жерде де жағдайдың мәз еместігін көрді. Темірмен қоршалған зираттардың бір шеті сол маңдағы тұрғын үйлермен іргелесіп, екінші шеті «Энергосистема» ЖШС-і (ОПЭС) мекемесінің қоршауына тиіп тұр. Қала әкімі бейіттің темір қоршауларының электр тоғын тарататын мекеменің қасында орналасуы қауіпті екенін айтты.

— Бұл жерде қуаты 10000 вольттық электр тоқтары өтіп жатыр. Бұлтты күндері жалт ойнап, жарқылдаған темір қоршауларға найзағай түсетін болса, осы маңдағы тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ дәл осы аймақта «Қазақтелеком» мекемесінің жер асты желілік сымдары да өтіп жатыр. Жер қазу кезінде сымдар үзілетін болса, ол да үлкен мәселе болмақ, — деді Талғат Өтемұратов. Аталған мәселені де алдағы уақытта Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауына салатынын айтқан Шамшат Әбдірзақ орыс ұлтының өкілдерімен кеңесе отырып, қоғам белсенділерімен бірлесе жұмыс жасалатынын, орыс моласына да жаңа жер берілуі керектігін жеткізді.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ?

Есет БИСЕНОВ, қала тұрғыны:

— Мен осы «орыс моласы» аталып кеткен зираттың түбінде тұрамын. Балаларымызды еркін ойната алмаймыз. Үнемі қадағалап, қасында жүруге тура келеді. Бала болғасын еш нәрсенің мәнісінебармай, молаішінеде кіріп ойнап кетеді. Баспайтын жердібасып, түрлі кеселге тап бола ма деп қорқамыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын көшіп келгенімде, анадай жердегі зиратқа қорқынышпен қарайтынмын. Ал бүгінде үйіммен бейіттің арасы 5-ақ метр. Біздің көшемізде ешқандай жағдай жасалмаған. Үйіміздің іргесінде қаланы электрмен қамтамасыз етіпотырғанүлкенмекемеотырсада, көшемізтасқараңғы. Не жол жоқ, не жарық жоқ. Тас қараңғыда мола жанынан өтіп бара жатқан адамның үрейі айтпаса да түсінікті болар. Ал әлемді әбігерге салған індет басталғалы бұл жердің аумағы тіпті үлкейіп барады. Бірнешежылдан бері осы мәселені көтеріп келеміз. Арнайы зират үшін ыңғайлы жер беріліп, мына бейіттің  жабылғанын қалаймыз.

Серік МАМАЕВ, қала тұрғыны:

-Бейіттердің қала сыртында орналасқаны дұрыс деп есептеймін. Қазақ «өлген адамнан емес, тірі адамның жаманынан қорық» деген, бірақ зираттардың қала ішінде, тұрғын үй маңында болғаны бәрі бір үрей туғызады. Сонымен қатар қайтыс болған адамның жатқан жері аяқ асты болмағаныда жөн. Ата-бабамыз да о дүниелік болғ- андардың қабірін қыраттардың төбесіне жерлеген. Осыдан 10 жыл бұрын әкем қайтыс боларында маған өзінің сүйегін туған жері Байғанин ауданына апарып жерлеуін өтініп, аманаттап кеткен еді. Мен әке аманатын орындап, 280 шақырым жерде орналасқан ата-бабаларымыздың қорымына жерледім. Сол секілді туысқанының жанына жерлегенді жөн көретіндер табылады, солай қорым үлкейе береді. Бірақ санитариялық жағдайларды ескеріп, мына үлкен зиратты жауып, өзге жерден жер берген жөн.

Майра ГРИГОРЬЕВА, қала тұрғыны:

— Санитариялық нормаларды ескеретін болсақ, бейіттердің қала сыртында орналасқаны әрине, дұрыс. Біздің қаладағы мұсылмандар зиратының сырты қоршалған, іші де тәртіпке сай жасалған. Соңғы уақытта оның да ішінде орын аз қалды. Менің әке-шешем де сол зиратқажерленген. Алкүйеуіммен қызым ұлты орыс болғандықтан қала ішіндегі орыс моласында жатыр. Жұмысқа барып келген сайыносыбейіттіңқасынанөтемін. Жолын қысқарту үшін арасынан өтетіндер де бар. Сыртын қоршап, адам кірмейтіндей етіп қойса, жақсы болар еді. Бүгінде олжерде орын қалмаған да сияқты. Бәрі бір-біріне мінгесіп жатыр. Сол себепті де екі бейітке де жаңа жер беру керек.

Смағұл ҚҰДАБАЕВ, қала тұрғыны:

-Мұсылмандар зиратына марқұмдарды жерлеу өткен ғасырдың басында басталған болатын. Ол кезде Қандыағаш кішкене ғана станса еді. Бүгінде тұрғын саны көбейіп, үйлер салынып, үлкен қалаға айналды. Сөйтіп сырттағы бейіт қала ішіне кіріп барады. Зиратты өзге жерге көшірмес бұрын, ыңғайлы жер тауып алу керек. Бұндай жақсы бастаманы қолдау қажет. Бірақ болашақта зиратқа жаңа орын беріліп жатса, адам жерлеуге берілетін 2 метр жер сатылмаса екен деймін. Себебі өлімнің жолы қашан да ауыр. Қазақта «өлім байдың барын шашады, жоқтың артын ашады» деген даналық бар. Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайын ескерген дұрыс.

Вера НЕФЕДОВА, пенсионерка:

-Администрация города правильно поднимает этот вопрос. Ведь на этом кладбище уже и хоронить-то некуда. А где же теперь будут проводиться захоронения?

Антонина ОСИПОВА, пенсионерка:

-Если надо, то надо конечно. Сначала нужно определить место нового кладбища, а потом консервировать. А то закроют это и что делать дальше? Но опять-таки, где будет выделяться земля? Открывали ведь кладбище на 6-ом километре, а там вода. Там невозможно хоронить. Поэтому хотелось бы, чтобы власти района учитывали эти моменты.

Елена АБАШЕВА, общественница:

-Что касается консервации кладбища, то я считаю и говорю, что это сейчас необходимо. Как мне известно, первые захоронения на этом кладбище датируются 1920-ым годом, прошлого сто летия. Сейчас захоронение идет как-бы вниз, в овраг. Нужно обозначить черту города, чтобы был порядок. У нас на кладбище уже идет стихийное захоронение. Кто куда. Большинство могил заброшены, за ними уже никто не ухаживает. Конечно нужно было бы собрать деньги, закупить материал и сделать ограждение. Этот вопрос я поднимала, и не один раз. Но воз и ныне там.

P.S. Сонымен… жергілікті билік өкілдерінің бірі зират мәселесін қоғам назарына ұсынып, талқыға салатынын айтса, екіншісі зират үшін ыңғайлы жер қарастыратынын жеткізді. Ал біз бейіттерге байланысты мәселені бақылауда ұстап, жүргізілген жұмыстар мен қорытындысын жариялайтын боламыз.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ, Асель АБДАНБАЕВА.

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

admin_mugalzhar

Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңадан сегіз кәсіби мереке пайда болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.