«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

48 НАУҚАС АУРУХАНАДА ЖАТЫР

Бүгінгі таңда ауданда коронавирустыинфекциясын жұқтырған 38 науқас, коронавирусты пневмонияға шалдыққан 10 науқас инфекциялық бөлімдерде ем қабылдауда. Олардың 3-еуі реанимациялық кереуетте жатыр. Оныңбіреуініңжағдайы ауыр. Сонымен бірге 3 науқас жасанды желдеткіш аппаратына жалғанған.

Ауданның санитариялық дәрігерлері індет жұқтырғандардың саны азаймай отырғанын, өткен аптада коронавирусты инфекциясын жұқтырған 75 жағдайдың тіркелгенін, ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 8 адам сырқаттанып қалғанын хабарлады. Бүгінде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 840 адам медициналық бақылауда отыр. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудан бойынша коронавирусты инфекцияның 1325 жағдайы тіркелді. Оның 758-інің клиникалық симптомдары бар, 567 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Ал 2021 жылдан бастап коронавирустық пневмониямен 188 адам ауырған. Бүгінде оның 176-сы жазылып шыққан. Ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев індеттен құтылудың бірден-бір жолы екпе екенін айтады. Ауданда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 35 мың мұғалжарлық екпе алуы қажет. Бүгінде 30 мыңнан астам аудан тұрғындары вакцина алған. Бекітілген жоспар бойынша Ембі аумағындағы 11150 тұрғын екпе алуы керек болса, бүгінде жоспар асыра орындалып, 11875 адам індетке қарсы екпе салдырған. Олардың 10805-і вакцинаның барлық кезеңін толығымен алып, қалғандары екінші кезеңін күтіп отыр. Ал Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша қазіргі таңда 16901 адам екпе салдырған.

— Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды. Созылмалы ауруларды асқындырады. Осы тұсын ескеріп, ауырмаудың жолын таңдағанымыз жөн. Тұрғындардың белгілі пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңіп шыға аламыз. Қауіп сейілген жоқ, сондықтан баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын. Осы орайда, аудан тұрғындарына түрлі мерекелік іс-шараларды, тойлар мен отбасылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынғанын тағы да естеріңізге саламыз, — деді бас санитар дәрігер Б.Шағалбаев.

Ұқсас ақпараттар

Ел тағдыры үшін әр азамат жауапты

admin_mugalzhar

ӘКЕ, НЕСІБЕМНЕН АЙЫРМАШЫ…

admin_mugalzhar

Ғалымдар парацетамолдың қаупі туралы ескертті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.