«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жем қалалық мектептен тыс №3 Аула клубының ұйымдастыруымен Жем қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында Жем қаласы әкімінің кубогі үшін волейболдан жарысы өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарыс тартысқа толы болды. Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша І орын мен “Жем қаласы әкімінің кубогын” — #5 орта мектебі жеңіп алды. ІІ орынды ауыл жастары командасы иеленсе, ІІІ орынға “Балбөбек-бөбекжай” бақшасының командасы ие болды. Жарыстың қорытындысында жарысқа қатысқан өзге командалар Алғыс хатпен, белсенділік танытқан ойыншылар “Үздік қорғаушы”, “Үздік ойыншы” аталымдарымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰТҚАРУШЫ ТІЛЕГІ

admin_mugalzhar

Наурызбек САРБАСОВ: МАҚСАТЫМ — ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

admin_mugalzhar

Астанада әскерилер арасында тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.