«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ — КЕЛІССӨЗГЕ КЕЛУ

АУДАН ӘКІМІ А.ШЕРИЯЗДАНОВ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН «АҚТӨБЕ МЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-НІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ Ф.СУФЬЯНОВПЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ. КЕЛІССӨЗДЕР МАҚСАТЫ – ҚҰНДЫЗДЫ КЕН ОРНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ, АТАП АЙТҚАНДА, ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ, ЕМБІ-АЛТЫНДЫ ЖОЛЫН ЖӨНГЕ КЕЛТІРУ.

Қазіргі таңда Құндызды кен орнында үш компания орналасқан. Атап айтқанда, «КазГеоРуд» ЖШС-і мыс өңдейтін кәсіпорын, «Горно-рудные технологии» ЖШС-і техникамен қамтамасыз ету және өндірілген мысты терминалға тасымалдайтын кәсіпорын, ал «Транс Қызмет Сервис» ЖШС-і мысты Ембі-Алтынды тас жолы бойында орналасқан темір жол терминалынан Ембі қаласына және Хромтау ауданы, Көктау ауылында орналасқан комбинатқа тасымалдайды.

Сапар барысында осы кәсіпорындардағы жұмысшылардың тамақтануы мен тұрмыстық жағдайы және жататын орындары қаралды. Сонымен қатар техника жөндеу базасының жұмысымен танысып, ол жердің соңғы үш жылда аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті жұмысшылармен қамтамасыз етілуі талқыланды. Құндызды кен орнының бастығы А.Коробов және «КазГеоРуд» ЖШС ОКС инженері А.Таскинбаевтың есебі тыңдалды.

Соңғы үш жылда кәсіпорындардың жұмысшылармен қамтамасыз етілуінің деңгейі өсті. Аталмыш жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Осы мақсатта аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы Құндызды кен орнындағы кәсіпорын басшыларына Ембі, Қайыңды, Алтынды, Бұлақты елді мекендерінен 40-қа жуық жергілікті тұрғындардың біліктілік талаптары мен құжаттары жолданды. Қазіргі таңда оларды осы кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру әкімдіктің қадағалауында. Бұл бағытта Мұғалжар ауданы әкімдігі аталмыш кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Наурыз айының аяғына жоспарланған ақылы ҰБТ өткізілмейді — Асхат Аймағамбетов

admin_mugalzhar

ОРТАЛЫҚ СТАДИОН ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқарды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.