«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады

Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуы тиіс. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады», – деді президент.
Сонымен қатар, президент мемлекет басшысының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерінің күшін жоюға немесе қолданылуын тоқтата тұруға құқығы барын айтты.
«Бұл норма «қолмен басқарудың» артық тәжірибесін орнықтыруға ықпал етеді және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін төмендетеді. Сонымен қатар, қазір президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін қызметінен алып тастауға құқылы. Мұндай заңнамалық ережелерді жою қажет», – деді Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Бүгіннен бастап барлық мектеп дәстүрлі форматта оқиды

admin_mugalzhar

Бір топ ана «Бақытты отбасына» қойылған шектеуді алып тастауды талап етті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.