«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЩЫСАЙДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

21 наурыз күні Ащысай ауылдық Мәдениет үйінде «Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ауыл тұрғындарын Ащысай ауылдық округінің әкімі Баймұрат Оразов Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шарада ауыл өнерпаздары ән-жырларын тарту етіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Наурыз көже асылып, ақ дастарқан жайылып, тұрғындар астан дәм татты. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысып жүлдеге ие болған жеңімпаздарды окург әкімі дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне ауыл азаматтары, Ерлан-К ШҚ және Даража ШҚ иелері демеушілік көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ СУСЫН: ДЕРТКЕ ШИПА, ЖАНҒА АРАША

admin_mugalzhar

Құрылысқа арналған рұқсат құжаттарының тізімі қандай?

admin_mugalzhar

САБЫН ӨНДІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН МҰҒАЛІМ

admin_mugalzhar