«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ЕМБІДЕ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауын тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған топ өкілдері Ембі қаласында болды. Ақпараттық топ Жем локомотив депосының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының саяси талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, топ жетекшісі Нұрғиса Көшеров, мемлекеттік қызметтің ардагері, ауданның Құрметті азаматы Аманкелді Шунимов, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов маңызды құжатта көрсетілген, ауданға, Ембі қаласына қатысы бар мәселелерге айрықша тоқталып, кеңінен түсіндірді.
Ембі қаласында 320 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталатынын, қала бойынша 32 көшеге диотты көше шамдары орнатылатындығын, Б. Момышұлы көшесіндегі 15 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, кезекте тұрған тұрғындарға берілетіндігін, үстіміздегі жылы Ембі қаласында Алматы көпір құрылымдары зауытының филиалы ашылатындығын жеткізді.

Кездесу соңында депо қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізіп, жоспарланған жұмыстарды орындауға өз үлестерін қосатындықтарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

«Шымбұлақ» курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді

admin_mugalzhar

Қазақстанда кімдер өзін банкрот деп жариялай алады

admin_mugalzhar

Демалыс күндері күн аяз болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.