«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова ауданға келді. Сапар барысында аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілермен және мектеп директорларымен кездесті.

Кездесуде облыс әкімі аппараттының Әдеп жөніндегі уәкілі Президент Жолдауына тоқталып, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек беру, олардың сыбайлас жемқорлық заңнамасын, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзбау және этика нормаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Айбек Мұсаұлы 2021 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебін берді.
Сонымен қатар жиын соңында «Freedom Finance life» өмірді сақтандыру компаниясының Ақтөбе филиалының өкілі Нұрзада Жасболғанова адам өмірін сақтандыру бойынша маңызды әрі қажетті мәліметтер беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Аудан орталығындағы мемлекеттік қызметшілермен кездесуден кейін Ризагүл Омарова мен Нұрзада Жасболғанова Жұрын және Ақкемер ауылдық округі әкімі аппараттарының мамандарымен кездесіп, ақпараттық жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қандастарға қандай жеңілдіктер мен жәрдемақылар беріледі?

admin_mugalzhar

ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМА!

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.