«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ИСАХАННЫҢ АРМАНЫ — АЯҚҚА ТҰРУ

Исахан Қалдыбаев бүлдіршін күнінен церебральды сал ауруы және эпилепсия дертімен күресіп келеді. «Көтере алмасаң, қосып арқала» демекші, өткен жылы ол туберкулез ауруына шалдығып, ауыр дәрілердің салдарынан жағдайы нашарлап, қозғалысы қиындап, жүре алмай қалған. Анасы Ләззат Бердалиева: «балам ең болмаса, бұрынғыдай балдаққа болса да сүйеніп, аяғымен жүрсе», — дейді.

Ләззат Бердалиева бес баласы бар жалғызбасты ана. Қарақалпақстаннан қоныс аударып, бүгінде Қандыағаш қаласында тұрады. Үлкені 17-де. Ал екінші баласы Исахан кішкентай кезінен осы дертке душар болған. Исахан ай-күні жетіп, дені сау болып дүниеге келген. Балаға 20 күн болғанда сарғайып, қан құрамында билирубин мөлшері шамадан тыс көбейіп, көзі аларып, сіресіп ауырып қалған. Дереу дәрігерге апарғаннан кейін де ем-шара барысында қан тоқтамай, Исаханның жағдайы нашарлап кеткенін, донор табылып, қан құйғаннан кейін баланың комаға түскенін жеткізді.
— Балам 7 күн дегенде комадан шықты. Невролог дәрігер тексеріп, баланың бір жағы толығымен жансызданып қалғанын, алдағы уақытта да баланың бір жағы сал болып қалатынын айтты. Ол кезде қиын соққаны рас. Бірақ күшімді жинап, баламның болашағы үшін күресу қажеттігін мақсат етіп қойдым. Барлық емді уақытымен қабылдап, жағдайы жақсарып қалған болатын. Бірақ біз тұрып жатқан үй салқын, қабырғалары ызғар тартып тұрады. Төбемізден су ағады. Соның салдарынан балаларым туберкулез ауруына шалдықты. Әсіресе, мүгедектігі бар Исаханға ауыр тиді, — деді ол.
Өткен жылдың қаңтар айында Исахан Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы балалар диспансеріне жатқызылып, 8 ай ем қабылдаған. Онда ауыр дәрілер қабылдап, жағдайы нашарлап кеткен. Бүгінде Исахан қайта қалпына келіп, балдаққа болса да сүйеніп жүруі үшін кешенді емдік дене шынықтырудан (лечебная физкультура) өтуі қажет. Аталған жаттығу терапиясының бір күндік құны 3000 теңге тұрады. Ал бұл қаржы бес баласын жалғыз асырап отырған ана үшін қиынға соғып отыр. ЛФК кезінде арнайы маман балаға созу жаттығуларын жасайды. Сол арқылы баланың бұлшық еттері қатайып, белін ұстай алатын дәрежеге дейін жетеді екен.

Ендеше, жүрегі мейірімге толы, жомарт жандар Қасиетті Рамазан айында қайырымды іс жасаймыз десе, Исаханға көмек бергісі келетін жандар үшін реквизит:
Kaspi Gold: 87007423723, Ляззат.Б

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«ЖЕМ САМАЛЫ — 2021» ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді — Дәленов

admin_mugalzhar

Головкин-Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.