«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРАҒҰЛ ТАМЫ — ТАРИХИ ОРЫН

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Борлы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км. Зерттелуі: Ескерткішті ал ғаш рет 1984 жылы ҚазССР-і тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының Ақтөбе экспедициясы зерттеген (жетекшісі — С.И.Әжіғалиева). Қысқаша анықтамасы: Мавзолей күмбезді, сегіз қырлы, күйдірілген және күйдірілмеген кірпіштен салынған, іргетасы жоқ. Жарға 17 қырлы барабан жалғасып, сфера тәрізді күмбезге айналған. Мавзолейге кірер есік жандарында терезелері бар. Ішкі интерьері жебе тәрізді терең ойықтармен салынған, іші саманды-құмды балшықпен сыланған. Едендегі жерлеу камерасында екі мәйіт жерленген ойыс бар. Мавзолейдің биіктігі — 6,70 м, сыртқы қырлардың ара қашықтығы — 7.70 м. 2007-2009 жылдары Қарағұл тамы-мавзолейі қайта қалпына келтірілді. Кесене ХIХ ғасырдың аяғында тұрғызылған. Аңыз-әңгіме: Жүрегіне иман түйген жан деп осындай адамдарды айтатын болар, сірә. Жан-жағына жылу сеуіп, айналасын қамқорлай жүретін адамның қолындағы байлығы да халықтың пайдасына жарары анық. Басына бақ боп қонған, байлығын өзгелермен бөлісіп, жарлы-жақыбайды жарылқаған Қарағұл қашан да адами қасиеттерді жоғары қойған дейді. Ел арасына мырзалығымен, кеңпейілділігімен белгілі болған Қарағұл дау туған жерде сындарлы сөз айтар, араздасқан екі жақты бітімгершілікке шақырар аузы дуалы, сөзі өтімді жан болған.

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz «Цифрлық құжаттар» сервисін іске қосты

admin_mugalzhar

Нұршат Романқызы: Шет елде білім алу — өзімнің қалауым

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ — ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ЖАНАРЫС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.