«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА «АЙНАЛАЙЫН — 2022» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

«Балалар жылы» аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық «Айналайын -2022» балалар байқауы өтуде.
Аталған байқауға Темір, Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау, Қобда, Мәртөк, Әйтеке би, Алға, Шалқар, Қарғалы аудандарынан және Ақтөбе қаласынан 10-15 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Патриоттық және еркін тақырыпта ән шырқаған байқау қатысушыларына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина, облыстық халық шығармашылығы орталығының мәдени — демалыс ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Гүлнар Романова, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың Нұртас Омаров, А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебі директорының орынбасары Раушан Өтепбергенова, Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің қызметкері, жергілікті әнші Тұрсынгүл Тоқаева қазылық етті.
Көмейіне бозторғай ұялаған сыңғыр дауысты әншілер «Отан», «Мен қазақпын», «Қазағым-ай», «Қазағым», «Қай заман» әндерін орындады. Байқау қорытындысы кешкілік орталық алаңда өтетін Гала концерттен жалғасатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақтың Асанәлісі — Ақтөбеде

admin_mugalzhar

Адами капитал – мемлекеттің басты байлығы: AMANAT фракциясы Жаңа Конституция жобасын талқылады

admin_mugalzhar

Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады

admin_mugalzhar