«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін биыл шілдеде 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні болады. Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күні болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені атап өтеді – Астана күні және Құрбан айт мерекесі. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге түседі. Бұл ретте демалыс күндері ауыстырылмайды. Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн – 6 шілдеде демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі – 9 шілдеге түсіп тұр. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.

Ұқсас ақпараттар

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістерін талқылады

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» бағдарламасы: Республика күні қарсаңында мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері ағаш отырғызды

admin_mugalzhar

Ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгерді — Президент

admin_mugalzhar