«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЩЫСАЙ: АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов пен Ащысай ауылдық округінің әкімі Баймұрат Оразов Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жарты жылдықта аудан және ауылдық округ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тұрғындарға ақпарат берілді.

Қаракөл ауылын газдандыру жұмыстары аяқталуда. Қазіргі таңда Қаракөлден Ащысайға газ тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, тамыз айында аяқталады. Жыл аяғына дейін жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджеттік өтінім беріледі. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылдық округ әкімі жобаны жасаушы компаниямен бірлесіп Сабындыкөл ауылында қамтып кету жобаға енгізілді. Осы жобаны қазан айында аяқтап мемлекеттік сараптамадан өткізіп, келесі жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтілімдерге беру жұмыстары жүргізіледі.

Биыл Қаракөл-Жұрын бағытындағы 30 шақырымдық автокөлік жолын жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Қаракөл- Ащысай жолының ара қашықтығы 30 шақырым. Осы жолдың жөнделуіне екі жобалық-сметалық құжат дайындалды. (біріншісі 0-15 шақырым, екіншісі 15-30 шақырым).

Келер жылы Қаракөл-Жұрын бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Қаракөл- Ащысай жолына қаражат бөлінген соң жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Биыл Сабындыкөл ауылынан Ащысай ауылына дейінгі жолды күтіп ұстау үшін, қыста қардан тазарту, көктемде жолды тегістеу, күз айларында жол бойындағы шөптерді шабу жұмыстарына жергілікті шаруа қожалықтарының техникалары тартылған болатын. Ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, келесі жылы бұл жолға қосымша қаражат бөлінетін болады, сонымен қатар қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, жол ұзындығын ескеріп, Ақсу-Ащысай жолын күтіп ұстауға бір мердігер, Ащысай-Қаракөл жолын күтіп ұстауға бір мердігер белгіленетін болады.

Ащысай ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол жерде жаңадан 7 жұмыс орны (1 өрт сөндіру бекетінің бастығы, 6 өрт сөндіруші) ашылып, жергілікті ауылдық қоғамдық кеңеспен ақылдасып, 7 тұрғынды жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі Ащысай ауылының тұрғындарымен өткен кездесуінде тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, негізгі мәселелерді іске асыру үшін аудандық жұмыс жоспарына енгізді.

Ұқсас ақпараттар

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

admin_mugalzhar

4 АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРЕТІН ҰҢҒЫМА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.