«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КИЕЛІ ТҮРКІСТАНҒА САПАР ШЕКТІМ

Фатима МҰРАТАЙ, 3-сынып оқушысы, Қандыағаш қаласы:
— Менің жазғы демалысым киелі Түркістан қаласынан басталды. Ол жаққа алғаш баруым және ұшаққа да алғаш мінуім. Түркістан шаһарына әкем, анам, інім төртеуміз бардық. Ұшақпен аспанға ұшқан сәт өте әсерлі болып есімде қалды. Жазғы демалыстағы сапарымыздың басты себебі менің қатысқалы жатқан байқауым болатын. Түркістан қаласында Президенттің «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан – бақытты бала мекені» І Халықаралық шығармашылық фестиваль- конкурсына қатысып, «Эстрадалық ән салу» бағыты бойынша I дәрежелі диплом алып келдім. Қуанышымда шек болмады. Қайтар бағытымыз ұзақ болғандықтан жол бойы кездескен қалаларда болып, киелі жерлерді аралап, әдемі естелік суреттерге түсіп келдік. Бұл жолғы демалысым өте керемет өтті. Ол үшін, әрине, ата-анама алғыс айтамын.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлады

admin_mugalzhar

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

admin_mugalzhar

БІЛІМ САЛАСЫ: ӨЗГЕРІСТЕР БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.