«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЛДЫСАЙЛЫҚТАР МЕН ЖҰРЫНДЫҚТАРДЫҢ ӘН ШАШУЫ

ӨТКЕН АПТАНЫҢ СОҢЫНДА ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ ТАЛДЫСАЙ, ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ӨТТІ.
Қала тұрғындары мен қонақтары кезекті өткізілген мәдени күндердің куәсі болды. Талдысай және Жұрын ауылдық округтері өнерпаздарының өнерін тамашалады. Ауыл әкімдері Рүстем Үргенішбаев пен Айбек Мұқанов бастап келген өнерпаздар ән мен биден шашу шашса, қолөнер шеберлері өз туындыларынан көрме ұйымдастырды. «Жан-нұр» ательесінің тіккен киімдері көпшілікке ұнап, сұранысқа ие болды. Кешті тамашалауға келгендер ауыл шаруалары дайындаған құрт, май, қаймақ, айран, ірімшік секілді тағамдардан дәм татты. Қонақтар өнерпаздардың өнерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, қошемет көрсетті.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТА ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar