«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгереді

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстандағы «Сбербанктің» атауы «Береке банк» болып өзгеретінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, міндетті түрде ребрендинг болады. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.

«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Бұл  -қазақтың бір-біріне тілейтін ең жақсы сөзі.  Сондықтан бұл банк бұған дейін көрсете білген құндылықтарды дамытып, өз міндеттемесін атқара береді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін», – деді ол.

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Ата-аналар ым-ишара тілін түсінбейді

admin_mugalzhar

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда заң бұзушылықтар үшін жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды

admin_mugalzhar