«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Іссапар барысында Ералы Тоғжанов Қандыағашта жаңадан ашылған оңалту орталығында орналасқан үш мекемеде болып, қызметкерлерімен кездесті. Бұл мекемелер — мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық жұмыс жүргізетін мекеме, екіншісі оларға арналған күндізгі стационар және ПМПК (педагогикалық-медициналық психологиялық кеңес беру). Үш мекеменің бір жерде орналасуы өте қолайлы болды. Себебі бір бірімен жұмыстары байланысты мамандардың бір жерде шоғырлануы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету барысында өте ыңғайлы болады. Бұл жұмысты аудандық мәслихат депутаттары және аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері бірлесіп атқарған болатын, себебі осы балалардың ата-аналары тарапынан өтініш болды. Аталмыш мекеменің бұрынғы ғимараты салқын және қаланың шетінде орналасқасын оларға тиісті көмек пен медициналық процедуралар жасау қиындық туғызды. Аудандық мәслихат хатшысы Р.Мусенова және оңалту орталығының директоры П.Аяпова бұл бағыттағы жалпы жұмыс барысы туралы облыс әкіміне есеп берді. Бүгінгі таңда бұл жерде 122 бала ем алады, соның ішінде 53 баланың мүгедектігі бар. ПМПК көршілес Байғанин, Шалқар, Темір аудандарының балаларына да көмек көрсететін болады, себебі оның ауданаралық статусы бар.
Облыс басшысы есептердің бәрін тындап, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті көмекті өте сапалы көрсетуді және облыстық білім басқармасына ПМПК жұмысына қатысты мәселелерді жеделдетіп, тез арада барлығын шешуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

«SPORT LIFE» — СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМҮШІН

admin_mugalzhar

СТУДЕНТ: Шәкіртақы өсті, Жолақы төленеді

admin_mugalzhar

Акиматам поручено продолжить работу по стабилизации цен на социально значимые товары

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.