«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНА АЙНАЛҒАН ҚАЛА

1947 жылға дейін Доссор-Мақат мұнайы Жаманқалаға (Орскіге) мұнай өңдеу зауытына жайдақ жол арқылы түйе, өгіз секілді жануарлардың күшімен тасымалданған. Міне, сол сәттен бастап, мұнай тасымалдау үшін теміржол қажеттілігі туындайды. Сол жылдан бастап Доссор-Мақат, Қандыағаш-Жаманқала (Орск) бағытында темір жол салына бастаған. Сөйтіп, 1903 жылы Орынбор-Алматы бағытында теміржол Қандыағаш бекетінің үстімен өтті. Сол жылы паровоз депосы салынып, Қандыағаш локоматив депосының негізі қаланды.
Қандыағаштың төрт жолдың торабына айналуы осы 1947 жылдан бастау алады. Қабылдау-жөнелту жол алаңы салынып, станса статусы беріледі. Ал қазір Қандыағаш стансасында төрт шойын жол алаңы бар. Оның екеуі қабылдау- жөнелту алаңы, біреуі сұрыптауға әзірлеу алаңы және дайындалған тіркемелер алаңы бар. Осы жылдар аралығында теміржол саласында қаншама адам отбасымен елеулі еңбек етіп, елге үлгі династия құрған теміржолшылар жетерлік. Олар осы уақытқа дейін ауданның экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бұл аймақтан небір үздік жұмысшылар мен жарыс жеңімпаздары шықты.
Базарбек КӨШКІНБАЕВ, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

Жаңа қаулы: Оқушылар мектепке оралады

admin_mugalzhar

ЖАЙЛАУДЫҢ ЖАЙЛЫ КЕШТЕРІ

admin_mugalzhar

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСТІН ДӘМІ ӘЛІ ЕСІМДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.