«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Аудан әкімі Саға ауылының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар тарапынан ауылдағы адам жүретін көпірдің қалпына келтіру бойынша өтініштерін айтқан болатын. Көктем уақытында су шайып кеткен көпір мектеп оқушылары мен тұрғындардың көктем мезгілінде қатынасына қиындық келтірді.

Тұрғындардың өтініштерін орындау мақсатында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Батпақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қарасты «Октябрьмұнай» мұнай-газ өңдеу басқармасы мекемесінің қолдауымен арнайы техникалары және жұмысшылары жұмылдырылып, көктем уақытында су шайып кеткен көпірді қалпына келтірді. Осы іске қол ұшын созған мекемеге ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

5 желтоқсан — Халықаралық волонтерлер күні 

admin_mugalzhar

Тұрғындар кәріз жүйесіне неге қарсы?

admin_mugalzhar

Абай қарасөздері «Әлем жады» тізіміне енгізіледі

admin_mugalzhar