«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті, – деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков алтыннан алқа тақты. Бекентайдың уақыт көрсеткіші – 27:51,5 мин. Күміс жүлде АҚШ спортшысы Бьорн Вестервельтке бұйырды. Бьорн 27:59,8 минутта мәре сызығын қиды.

Қола жүлдені тағы бір отандасымыз Александр Мухин еншіледі. Александр 28:13,7 минутта мәреге жетіп, қола медальді жеңіп алды.

Ұқсас ақпараттар

«САМАЛДЫҢ» БҮЛДІРШІНДЕРІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«ONER FESTIVAL»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar