«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды. Бұған дейін мұндай бөлімдер Қарағанды, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында бар.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда су басуға қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Ал жазда өрт қауіпі арта түседі.

Сонымен қатар Смайылов Түркия мен Сириядағы апаттың адам қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін жеткізді.

“Бұл оқиғалардың барлығы бізді әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр. Осыған байланысты ҚР Үкіметі “Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы” қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылып отыр. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам”, – делінген хабарламада.

Премьер-министр мұндай бөлімдердің еліміздің батысында болмағанын атап өтті.

“Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, “Қазселденқорғау” мекемесі 39 адамға көбейді. Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты”, – деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті

Ұқсас ақпараттар

30 ЖЫЛ ӘРІПТІ ҚОЛМЕН ТЕРГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

Оңдасын Оразалин: «Aqtóbe» аймақтың айнасына айналған телеарна

admin_mugalzhar

БОЙЫНА ЖИҒАН ӨНЕРДІ АЙГҮЛДІ БӘРІ БІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.