«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Қандыағаш қаласында Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді және одан кейінгі жылдары өмірден өткен ардагерлердің құрметіне арналған «Естен кетпейтін Ауғандағы тарих» атты еске алу қабырғасы (мемориал) алаңында іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімі Асқар Шериязданов, Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мектеп ұжымдарымен әскери патриоттық клуб оқушылары және жалпы қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар алдымен «Естен кетпейтін Ауғандағы тарих» атты еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойып, соғыс майданында қаза болғандарды еске алды.

Аудан әкімі сөз сөйлеп, Мұғалжар ауданы бойынша 110 адам Ауған жеріндегі соғысқа қатысқандығын атап өтті. Қазіргі таңда ауданымызда 37 ауған соғысының ардагерлері тұрып, өңіріміздің игілігі жолында әр салада қызмет етіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жұмыстарына белсенді араласып келе жатқандығын жеткізді.

Аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Сағынтаев майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтып, бейбітшілік заман тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Өткеннен оралған “Жармола жәрмеңкесі”

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген «Виртуоздар» телешоуында қазылық етіп жатыр

admin_mugalzhar

Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.