«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘР ҮЙДЕ ГАЗЕТ БОЛУЫ ҚАЖЕТ!

«Мұғалжар» газетінің әр нөмірін асыға күтетін оқырманымыздың бірі дүбірлі додаларда аудан намысын қорғап жүрген чемпион Еламан Қойшыбайдың әжесі Мәрия Құлжанова. Немересінің әр жүлдесін сүйіншілеп жазатын газетті оқып, жинап жүруді әдетке айналдырған оқырманымыздың біздің газетті оқып отырған фотосын Еламан да редакцияға жолдап тұрады.

Күні кеше самбодан Азия және Океания чемпионатының күміс жүлдегері атанған немересінің жетістігіне қуанған Мәрия әжей бұл хабарды қуанышпен оқырманына жеткізген газет редакциясына немересі арқылы алғысын жеткізді.

Бүгінгі мерекелік нөмірде жарияланып жатқан тұрақты оқырмандарымыз туралы материалдар легінде ең жасы үлкен оқырманымыз Мәрия әжей туралыда тоқтала кетуді жөн көрдік. 86 жастағы Мәрия әже бұрынғы Темір қаласында дүниеге келген. 10 жылдық мектептіаяқтап, 1957 жылы өзінің жерлесі Қойшыбай Құлжанов есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Сол жылы Қандыағаш қаласына қоныс аударып, жылдар желісінде бес баланы өмірге әкеліп, отағасы екеуі адал еңбек етіп, тату-тәтті күн кешеді. Мәрия Құлжанова ең алғаш еңбек жолын поштада бастаған. Әйтсе де, оқырманымыздың газеттен де ауылы алыс емес.

Газет, кітап атаулыны бала кезімізден көп оқыдық. Ол кездері кітап оқимайтын, қолынагазет ұстамаған адам болмаған шығар, сірә. Өзімнің еңбек жолым да газетпен тығыз байланыста болды. Себебі, поштада жаяу жүріп, қысы-жазы газет-журнал тарататын едім. Кейіннен шойын жол станцияларда және депода жұмыс жасадым. Депода аспаздық қызметтен зейнетке шықтым. Ал отағасы ең алғаш Темірден көшіп келген жылы осы редакцияда жұмыс жасады, кейін «Әскерилендірілген теміржол күзетінде» қызмет жасайжүріп, қарауыл бастығы болып тағайындалды. Одан барлығын тастап, станцияда кассир болып еңбекетті, солжақтанзейнетке шықты. Отағасының арқасында ешқандай қиыншылық көрген емеспін. Барлық жағдайым жасаулы болды, қиындық атаулыны, жоқшылықты көрсеткен емес, — депжымия еске алды әже қосағын.

Газеттің бір санын жібермей оқитын кейіпкеріміз «құлағым ауыр естісе де, көзімжақсыкөреді» депкүліп алып, жылсайын газеткежазылып, жаңа нөмірді асыға күтетінін жеткізді.

Басылымда көкейіңе тоқитын мағыналы әңгіме көп. «Мұғалжар» арқылы ауданымыздың, ауылдардың тыныс-тіршілігі мен жаңалықтарынан хабардар боламын. Бұрын аптасына газет екі рет шығатыны әлі есімде. Қуаныш, Ізгілік, Кемердегенжурналистер есімде қалыпты. Газетті оқу керек және әр үйдің үстелінің үстінде газет тұруы қажет. Қазір бәрі телефонға үңілген заман болды. Қазірде сол газетті үзбей оқитын біздің қатарымыз-ау деп ойлаймын. Бізге ыңғайлысы да, қолжетімдісі де, үйреншіктісі де осы газетіміз. Үйдегілерге өзім айтып отырып, жыл сайын жаздырамын. Барлық жаңалықты, барлық ауданның хабарын «Мұғалжардан» қарап отырамын. Туған немерем Еламанды газеттің алғашқы бетінен көргенімде, балаша мәз боламын, — деді Мәрия әже. Әженің түсінігінде, еңбек адамы – тек қана жер жыртып, егін еккен адам ғана емес, кез келген салада аянбай тер төккен жан. — Осы баспасөз саласында да жүрген тілшілердің жұмысының өз қиындығы бар. Сол қиындыққа мойымай, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген журналистер қауымына толағай табыс тілеп, өркендерің өсе берсін деймін, — деп оқырманымыз ақжарма тілегін де білдірді.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҚЫЗДАРДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ

admin_mugalzhar

ЕРІКТІ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНА ЖАҢА БАСШЫ, ЖАҢА МІНДЕТ

admin_mugalzhar

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.