«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жыртық аяқ киім

Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кене тәлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: — Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, — дейді. Сонда ақылды ұстазы: — Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, — дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артынан барып жасырынады.

Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырыпалады. Қолынсалыпеді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондайақшашықты. Ақшағабір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады.

Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап сөйлей бастады: «Я, Раббым! Сен менің хәлімді өзімнен артық Білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың. Шүкір, шүкір…». Осылайша, ұзақуақытжасынтөккенкүйіЖаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды. Манадан бері одан көз жазбайқарапотырғаншәкіртқосжанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерістібайқап отырған ұстазы: — Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! — дейді.

Шәкірті: — Иә, ұстаз! Өмірбойыұмытпастайдәрісалдым. Сізгеалғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім, — деп жауапқатты… Қолымыздан келгенше, бірбірімізге қайырымды болайық, ағайын!

Құдайберген МАҚСАТ

Ұқсас ақпараттар

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

МАЛ ДӘРІГЕРІ АДАМЗАТТЫ ЕМДЕЙДІ

admin_mugalzhar

«Еңбек» бағдарламасымен 280 мыңдай адам жұмысқа орналасты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.