«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

Бүгінде «Финский» мөлтек ауданы Нұрқожа Орынбасаров көшесіне кәріз жүйесін тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Айдос Қалимағанбетов айтты.

Бұл көше тұрғындарының көптен күткен жаңалығы болатын. Аталған құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 307 966,0 млн теңге қаржы бөлінген. Кәріз жүйесінің жұмысын сапалы етіп жүргізу «АймарСтройСервис» ЖШС-нің жауапкершілі-гіне берілген.

— Жалпы Н. Орынбасаров көшесі-нің көп бөлігіне кә-різ жүйесі тартылған. Дегенмен, Сәкен Сейфуллин көшесімен қиылысқан жерінің арғы бетінде кәріз жү-йесі жоқ. Қазіргі таңда сол жерлерге кәріз жүйесін тарту үшін жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта құ-бырлар түсіріле-тін болады. Кәріз жүйесі тартылатын жердің жалпы ұзындығы 7,7 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде, — деді Айдос Мырзабайұлы.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМОРДАСЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан негізінен Қытай, Ресей және Италия елдеріне тауар экспорттайды

admin_mugalzhar

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына өтінім қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.