«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН НАЗАРДА ҰСТАДЫ

Оңдасын ОРАЗАЛИН, Мұғалжар ауданының 2000-2003 жылдардағы әкімі

2000-шы жылдары аудан басшысы қызметін атқарғанОңдасын Оразалин алдынан шыққан өзекті мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосты. Айталық, Жаңажолдың мұнай кенішінде бір емес, бірнеше мұнай мекемелері шоғырланған. Кәсіпорындардың қомақты акциясы көп бөлігі қытайлық инвесторлардың қолында болатын. Солуақыттарда мұнайгаз кәсіпорындарының басшыларымен келісім жүргізіп, халықтың мүддесі үшін, жұмыстанды. Соның нәтижесінде жергілікті кадрлар даярланды, тұрақты жұмысқа орналасып, жалақысы сол кездің күнкөріс көрсеткішіне сай, басқа салалармен салыстырғанда, жоғары саналған мұғалжарлық мұнайшылардың, тұтас ауданның әлеуметінің әлеуеті артты.

1999 жылы Жем-5 әскери полигонының Ресей жеріне көшірілуі, қаланың бір сәтте қаңырап бос қалуына алып келді. Оңдасын Сейілұлы шын мәнінде «өлі қала» атанып, жылу, су жүйелері сол жылдары қатты болған қыстың аязды күндерінде қатып қалып, шаруасы шалқайған Жем қаласының тамырына тыныс берді. 2001 жылы Жем қаласынажақын аймақтан «Әлібекмола» кен орнының «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС-імен игеріліп бастауы қаланың жандануына жол ашты. Мұнда бос қалған ғимараттармен тұрғын үйлер қалпына келтіріле бастады, жылу жүйесі жолға қойылды. Соның арқасында қалаға көшіп келіп, тұрақтанушылардың қатары өсті.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«ШУАҚ» АУЫЛЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

Қарақұмықтың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.