«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАМАНАУИ «АЛАҚАН ЖАЮШЫЛАР»

Дәл осыны оқып отырған адам маған «тәпішкісін лақтырары» анық. Себебі мен көптің ойынан өзгешелеу нәрсені қозғамақпын. Бүгінде билікті жамандасақ, халыққа жағатын болдық. Әкімдік жұмысының жоғын теріп, барын жасырып отыратын болдық. Мен де сол көптің бірімін. Үнемі әкімдіктің істегенінен істемегенін көбірек көремін. Сосын кухняда отырып күңкілдеймін, постарға ашуға толы комментарий жазамын, қонақтықта жатып кеп жамандаймын… Жалғыз мен емес, көбіміз осындаймыз.

Ал қазір көп нәрсеге басқашақарайбастадым. Адам бір нәрсені өзгерту үшін алдымен өзінен бастау керек екенін түсіндім. Мен үшін бүгінгі қоғамның дерттерінің бірі – алақан жаю! Себебі бүгінгі күні сұрамсақтану, алақан жаю көбейіп барады. Алақан жаю — бата бергенде, Құран оқыған сәтте отырған адамдардың оған назар аударып, тыныштық сақтай отырып, кос қолын жайып, алақанын бір-біріне жақындатып, саусақтарын түйістіріп ұстау жосыны сияқтыеді. Алқазір сөздің мағынасы да, мәні де басқаша болып бара жатыр ма дерсің… Шын мұқтаждың жөні бір бөлек. Алайда, ананы-мынаны сылтауратып, жұртты даурықтырып, масылдыққа машықтанған кісілердіде көзіміз көріп жүр. «Байдың асын байқұс қызғанадының» кебі емес. Мемлекет тарапынан берілетін тұрақты азық-түлік пен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тұрақты берілетін қаржылай және мешіттерден, қайырымдылық қорларынан берілетін көмектер де шүкір, болып жатыр. Жағдайы төмен отбасы, көпбалалыана, ата-анақамқорлығынсыз қалған балаға жағдай жасалсын. Басқасына не жорық? Жұмыс істеп, ақшажинап, тертөгіп, үйсалсын. Екі қолға бір күрек табылады емес пе? Ал қазір әлеуметтік желіні аша қалсаңыз, екінің бірі «алақан жайғыштар». Құлап қалған үйлерді көресіз, постқа әдемілеп тұрып видеоға түсіредіде астына мәтіндер жазып қояды. Мәтіні мынандай: «Бұл үйдің сыйқы өздеріңіз көріп тұрғандай қараусыз. Жөндеу жасалмаған, әктелмеген. Құлау алдында тұр. Үй салып беретін қайырымды жан болса деген тілегім бар.

Әкімшіліктің есігін қанша қақтық, көмектесуге ниет білдірер емес». Видеодан жап-жас, тепсе темір үзетін жігітті көресің. Жаның ашиды, жының да келеді. Бізді жаудан құтқаратын жігіттің түрінкөріп, еңсеңтүседі… Ал балаларының қолында бір-бір смартфон… Бір істі бастамас бұрын немесе көңілімізден шықпайқалса: «әкімшілік қайда қарап отыр» деп шыға келеміз. Қазір бұл тіркеске етіміз өліп кеткені сонша, әзілге айналды. Әкімдікті жақтады демеңіз. Істеп жатыр, істесін, жұмыстары. Бірақ біз сол жасап бергенді бағалай аламыз ба?.. Әңгіме сонда! Мысалы, балаларға арнап әдемі етіп алаң салып береді. 1-2 ай өтпей жатып сиқын көрсеңіз, көңілін түсіп кетеді. Саябақ салды, көрініс тағы сол, шашылған қоқыс, жұлынған орындық, сызылған ескерткіш. Қоқысқа жәшік қойды, бірақ сол жәшікке жетпей қолымыздағын жолай тастайтын әдеттен толыққанды арыла алар емеспіз… Бұл жерде адамның ішкі мәдениеті өзгермей, ештеңе өзгермейтіндей көрінеді, кейде… Сондықтан өз-өзімізді дамытайық, ізденейік, еңбектенейік. Мемлекет халықтан тұрады. Халық білімді, білікті, еңбекқор болса, елдедамиды. Алел дамыса, біздің «мұртымызды балта шаппасы» анық.

С.АНАРБЕКОВА

 

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ ОРЫНҒА САЯХАТТАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

admin_mugalzhar

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘКЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.