«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ

 


Қандыағаш қаласында дзюдо күресінен 2011-2012, 2013-2014 ж.т. жасөспірімдер және 2012-2014 ж.т қыздар арасында «QYRAN» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі басталды.

Біріншілікке Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Орынбор, Қандыағаш, Ембі қалаларынан, Әйтеке би, Байғанин, Темір, Ойыл, Қарғалы, Шалқар, Хромтау аудандарынан 500-ге жуық спортшы қатысуда.

Біріншіліктің ашылу салтанатында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралин қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылатын республикалық ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар медальдармен, дипломдармен марапатталатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАРҚЫН ҒҰМЫР — МӘҢГІЛІК ІЗ

admin_mugalzhar

ҚЫЗЫҚТЫҢ БӘРІ — ЛАГЕРЬДЕ

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕРГЕ ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar