«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе қаласында Волонтерлер күніне және өңірдегі Жастар ресурстық орталықтарының құрылғанына 10 жыл толуына орай Ақтөбе облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Облыстық жастар сыйлығы-2023” іс-шарасы өтті.
Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров және облыс бойынша белсенді жастар қатысты.
Мерекелік кездесу барысында үздіктер анықталып, түрлі аталымдарға ие болды.
Атап айтсақ, “Ең үздік волонтерлік топты” іріктеу барысында мұғалжарлық “Мұғалжар еріктілері” және “Ізгі қала” волонтерлер тобы үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығы “Үздік Жастар ресурстық орталығы” атанып, осы орталық маманы Жұлдыз Тұрсынбаеваға “Үздік волонтер” аталымы берілді. Үздіктер өңір басшысы А.Шахаровтың Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

admin_mugalzhar

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы барлық салада сенімді түрде дамып келеді — Қасым-Жомарт Тоқаев

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

admin_mugalzhar