«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҮЙРЕНЕРІМ ƏЛІ КӨП

«Адам баласы дүниеде екі нәрсе таңдауда қателеспеу керек» деген қағиданы бәріміз ұстануға тырысамыз. Алғашқысы жарың болса, кейінгісі өмірлік наның – мамандығың. Алғашында мамандықты ойланбай таңдап, «бұйырғаны болар» деген оймен филология факультетінде оқып шыққан едім. Бірақ оқуда кәсіби мамандардан дәріс алдым. Олардың қатарында қазаққа танымал айтыскер Жансая Мусина, профессор Абат Қыдыршаев, филология ғылымдарының кандидаты Құспан Аронов секілді ұзтаздар болды. Әр оқу жылы аяқталған соң әдеттегідей тәжірибеден өтуге жан-жаққа кетеміз. Мен филологияда оқысам да, журналистика саласын таңдап, барлық өндірістік тәжірибені өзім туып-өскен ауданның газеті «Мұғалжарда» өттім. Ол кезде редактор Әнуар Искарин еді. Алғашқы күндерімнен-ақ ол өзімен бірге зауытқа да, жиналысқа да ертіп алып баратын. Сондағысы үйрене берсін, білсін, көрсін дегені екенғой. Ал мен аяғым тартпай, «ахілепүхілеп» әрең жүретінедім. Мүлдем естімеген терминдермен, ешқашан жасап көрмеген дүниелермен, барын сезінбеген қызметтермен таныстым.
Оқу аяқталғаннан кейін сол жерге, яғни аудандық басылымға жұмысқа орналастым. Ол кезде газетте Бану Жартина бас редактор болды. Алғашқы күннен жинақталып, әңгімені қойып, тып-тыныш жұмысымызды жасап отыратын едік. Ол келген уақытта алғашында түрі суық көрінгенімен, ішкі жан дүниесі жылы болып шықты. Газетке Бану апаймен бірге жаңа леп келді десем, қателеспейтін шығармын. Газетті 180 градусқа өзгеріске түсірді. Тез әрі жаңа форматта жұмыс жасауды үйретті.
Міне, уақыт өте келе жұмысымды жақсы көріп кеттім. Студент шағымда «қайдан ғана осы мамандыққа келдім» деген менің ойым журналистика саласына келген де ғана өзгере бастады. Себебі мен үшін газеттің ұжымындай ұжым еш жерде жоқ. Әріптестерімнің бірін апам, бірін ағамдай көремін. Бәрі біріне жанашыр, ауызбіршілігі мол ұжым.
Шыны керек, газеттің қалайшығып, қалай жазылатынынан мүлдем мақрұм болған мен барлығымен уақыт өте келе таныса бастадым. Ауданның тынысын ең кемі үш мыңға жуық оқырманға таратамыз. Оған 25 мыңнан астам оқырманы бар әлеуметтік желідегі парақшаның жұмысын қосыңыз. «Жегеніміз жантақ» болғанымен, шынайы әрі дәйекті ақпаратты оқырманымызға жеткізіп, ақиқатын ашуға тырысамыз. «Журналист — барлық мамандықтың иесі болу керек» деген сөзді естігенмін. Енді ойлап қарасам, жөнді айтылған ой. Біз дәрігер, мұғалім, көше сыпырушы, құтқарушы секілді әр түрлі салада еңбек ететін жандармен тілдескенде оның өзі ғана емес, мамандығынан, қызметінен де хабардар болуымыз керек. Кейіпкеріміздің көңіл-күйін бақылап, сенім білдіруі, ойын ашық жеткізу үшін бар кәсіби біліктілігімізді көрсете білуіміз маңызды. Сонда ғана сенен шынайы, өтімді дүние шығады. Байқампаздық, нақтылық, шынайылық секілді қасиеттерге иеадамғана «майталманмаман» бола алады. Ал мен сондай маман болу үшін тынымсыз еңбек ету керектігін түсіндім.
Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Роза МҮСЕНОВА, «Amanat» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы: ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ШЕКАРАСЫ КЕҢЕЙДІ

admin_mugalzhar

Футбол: Бүгін Еуропа біріншілігі басталады

admin_mugalzhar

Тұрсынгүл ТОҚАЕВА, аудандық мәдениет үйінің қызметкері: ҮРДІС — ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.